Еліміздің кейбір өңірлерінде аяз болады
Қазгидромет 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
27 сәуірде жоғары атмосфералық қысымның ықпалымен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен 28 сәуірде оңтүстікте жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр аралас қар жауады.
Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл соғады деп күтілуде.
Ал жалпы температуралық фонға байланысты күндізгі температура біртіндеп көтеріледі, алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометр бағаны 1-8 градус аязға дейін жетеді.