Ыстықкөлде қыз зорлаған қылмыскер 33 жылдан соң Павлодарда ұсталды
Күдікті қылмысты жасап, Ыстықкөлден қашып кеткен.
30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда қолға түсті.
"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында қыз зорлаған ер адам облыс орталығында (Павлодарда) ұсталды", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Сондай-ақ ол Павлодарда қарақшылық жасап, жасырынып жүрген күдіктінің де ұсталғанын жеткізді.
"Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қазақстанда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды", - делінген хабарламада.