Жамбыл облысында қалың қар түсіп, жолға құм сеуіліп жатыр (видео)
Таңдар қар аралас жаңбыр жауған, қазір жерді қалың қар басты.
Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлауына байланысты жолға құм себіліп жатыр, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
"Жамбыл облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 573-593 шақырымы аралығында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, таңертең қар аралас жаңбыр жауса, қазіргі сәтте қар жауып тұр. Сол себепті жол-пайдалану техникасына шұғыл тәртіпте реагенттер тиеліп, автожолға құм себіліп жатыр.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерден қауіпсіз арақашықтықты сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды сұрады.