Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 29 сәуірге арналған ауа райы
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қазгидромет 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірге ескерту жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады. 29 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, найзағай кезінде екпіні 23 м/с болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Павлодар қаласында 29 сәуірде оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады.