Мәдениет

"Ауылдың баласы ма?": Раймның су тасқынындағы суреті қызу талқыланды (видео)

Чаттағы әңгіменің скрині әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Белгісіз ер адам эстрада әншісі Райммен су тасқынымен күрес кезінде түскен суретін отбасылық чатқа жіберген. Ер адамның әйелі әншіні танымай, оны ауылдың баласы деп ойлап қалған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Чаттағы әңгіменің скрині әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда ер адамның әйелі Raim-ды танымай "ауылдың баласы ма?" деп жазғаны, ал күйеуінің оған Ерке Есмаханның жұбайы екенін айтқан соң ғана есіне түсіргені көрінеді.