Басты жаңалықтар

Бишімбаев ісіне қатысты сот кейінге қалдырылды

Сағат 10:00-де соттың қорытынды кезеңі – жарыссөз басталуы тиіс еді.

Астанада бүгін болатын Қуандық Бишімбаев соты кейінге шегерілді. Айыпталушыларды сот залына әкеліп үлгермеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.

 

Сағат 10:00-де соттың қорытынды кезеңі – жарыссөз басталуы тиіс еді. Алайда прокурор мен жәбірленуші тарап адвокаттары айыпталушылар келмесе сот отырысын жалғастыра алмайтынын жеткізді. Судья қарауыл қызметінде түсінбестік орын алғанын мәлімдеп, отырысты кейінге қалдырды.

 

"Басты сот отырысы сағат 14:30-ға шегеріледі. Өйткені күзет қызметінде проблемалар пайда болғандықтан айыпталушылар сағат 11.00-ден кейін жеткізіледі. Басты сот отырысы 14.30-ға дейін кейінге шегеріледі", - деді судья.