«Қамқорлығы - ең керемет сыйлық»: Айжұлдыз Адайбекова қазіргі сүйіктісімен бақытты
Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған актриса көпшіліктің сауалына жауап беріп, бұл қарым-қатынасында аса бақытты екенін айтты.
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сүйіктісі туралы айтты. Оның қамқорлығында шек жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Актриса соңғы уақытта ғашығының суретін жасырын түрде жариялап жүр. Соған орай Instagram парақшасында оқырмандар Айжұлдыздың жеке өміріне қатысты сұрақтар жаудырған. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған актриса көпшіліктің сауалына жауап беріп, бұл қарым-қатынасында аса бақытты екенін айтты.
"Оның қамқорлығы - ең керемет сыйлық", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. Бұдан басқа блогер ару махаббат жайында сырт шертті.
"Махаббат бар жерде мансап та болады. Махаббат бәрін шешеді. Біріншіден өзіңе деген махаббат болу керек. Бір нәрсені жасап, қателесіп, мықты адам болудан қорықпаңыздар", - деп жазды ол.