Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жаман әйел еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді”: Уәлихан Бишімбаев ұлының Салтанатқа үйленіп қателескенін жеткізді

“Жаман әйел еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді”: Уәлихан Бишімбаев ұлының Салтанатқа үйленіп қателескенін жеткізді
Тіпті өзі келінімен сөйлесіп, баласымен ажырасуын сұрапты. Бірақ Салтанат қайын атасының бұл өтінішінен бас тартқан.

Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтірген экс-минстрдің әкесі Уәлихан Бишімбаев соңғы уақытта ұлы мен келінінің арасы онша емес екенін байқаған. Айтуынша, ол басында экс-минстрдің Салтанатқа үйленуіне қарсы болыпты. Бұл туралы ол блогер Наталья Грэйске берген сұхбатында ашық айтты. 

 

Бишімбаевтің сөзінше, ұлы оған үйленіп қателескен. Тіпті өзі келінімен сөйлесіп, баласымен ажырасуын сұрапты. Бірақ Салтанат қайын атасының бұл өтінішінен бас тартқан.

 

“Мен Салтанатпен сөйлесіп “Егер сендер бірге тұра алмасаңдар бір-біріңді жайыңа қалдырыңдар. Сен үнемі Павлодарға кетемін дейсің. Онда сені өзім апарып тастайын” дедім. Отадан шыққаныма қарамастан апармақ болдым. Бірақ ол маған “Мен не, ақымақпын ба? Менің пәтерім бар, жағдайымды жасап отырған күйеуім мен мейрамханам бар. Павлодарда мен ешкімге керек емеспін” деді. Мен не айтарымды білмей қалдым. “Сонда отбасының жайлылығы қайда қалды? Отбасының берекесі – әйел. Махаббат, мейірім, күйеуге деген қамқорлық қайда қалды? Күйеуің сенің жағдайыңды жасап, түзде жүреді. Оған қамқорлық жасауың керек” деп айттым”, – дейді Уәлихан Бишімбаев. 

 

Сонымен қатар, олар бір-бірін сүйіп қосылғанымен, дұрыс тани алмағандығын айтады әкесі

 

“Қазақта “Жаман әйел еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді” деген жақсы сөз бар. Олар бір-бірін сүйіп қосылғанымен, дұрыс тани алмады. Бір-бірін зерттеп білмей некеге отырды. Бірге өмір сүре бастағанда ғана бір-бірін таныды, содан мәселелер басталды”, - деп сөзін аяқтады әкесі. 

 

Ал Альмира Нұрлыбекова ұлының кінәлі екенін мойындағанымен, соттан оған рақымшылық беруді сұрайды. Экс-министрдің анасы ұлының адал адам екенін және әрдайым әділетсіздікпен күрескенін жеткізді. 

 

“Күні-түні, жатсам да, тұрсам да Алладан баламды, бізді кешіруін етуін сұраймын. Иә, менің ұлым кінәлі. Ол өз ісіне өкінеді. Оның жасаған әрекеті осындай қайғылы жағдайға әкеп соқты. Соттан, алқабилерден, адамдардан балама рақымшылық жасауын сұраймын. Сот оның жасаған ісіне лайық жаза тағайындады. Ал қоғам Қуандықтың кезінде шенеунік болғанын алға тартып, оны бет алды айыптап жатыр. Тіпті тегіне де тиісіп жатады. Өйткені біздің тегімізді көбі біледі. Мен оның қайда болмасын, тіпті лауазымды қызметте жүргенде де ол өз ісіне жауапты, әділетті, адал болғанын білемін”, – дейді экс-министрдің анасы.


Айтуынша, келіні ұлы Қуандыққа дөрекі сөйлеп, кемсіткен. Тіпті оған балағат сөздер де айтқан көрінеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар