Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үсік, қар, тұман: 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Үсік, қар, тұман: 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы
inform.kz
Еліміздің солтүстігіндегі бірқарар елдімекендерде үсік жүреді.

"Қазгидромет" Қазақстан  өңірлерінің  2024 жылғы 30 сәуірде қандай ауа райы болатынына  болжау жасап жариялады.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз 20, түнде 9 градус жылы болады.

Астанада күн жауынды. Күндіз 10, түнде 3 градус жылы.

Павлодарда қар аралас жаңбыр күтілуде. 2 градус жылы.

Петропавлда ауа райы +2 градусқа дейін жылы. Түнгі уақытта -1.

Қзақстанның басым бөлігінің ауа-райына Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен бірге жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, орталықта, шығыста найзағай, батыста, солтүстік-батыста-бұршақ, батыста, орталықта, оңтүстікте – дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында,  Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар