Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев ұсталды
Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазып жатыр
Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы ісі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі Nege порталына сілтеме жасап хабарлайды.
“Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады", - делінген хабарламада.
Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарды. Ал 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылды.