Басты жаңалықтар

Алматыда жезөкшелер үйінен қашқан қыздардың видеосы тарап кетті

Бірақ оған осы уақытқа дейін ешкім назар аудармаған.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан ғимараттан қыздардың жымжырақай қашқан видеосы пайда болды. Автордың жазуынша, олар боди-массаж жасау дегенімен жезөкшелікпен айналысқан, деп хабарлайды KYN.KZ.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі монша кешенінің әкімшілігі жезөкшелікпен айналысып, үй-жай бергені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады. Сауна әкімшілігіне айыппұл салынды. 

"Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды", - деп қосты полиция өкілдері.