«Шапырашты кланының" мүддесі үшін әрекет еткен»: Тұрғымбаев туралы жаңа дерек жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 сәуір, 2024
- 675
Бас прокуратура экс-Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады. Осыған байланысты телеграм-арналар оның ұсталуына байланысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Чемодан госсекретов" телеграм арнасының мәлімдеуінше, тергеу барысында Тұрғымбаевтың "шапырашты кланының" мүддесі үшін әрекет еткені туралы дәлелдер шыққан.
"Ол президент Тоқаевты қорқыту мақсатында Қаңтар оқиғасының масштабын асырып көрсеткен, тәртіпсіздікке байланысты шындыққа жанаспайтын мәліметтер берген. Сонымен қатар Алматыдағы жеке құрам қызметкерлеріне жұмыс орнын тастап кетуді бұйырған. Тергеу кезінде Қаңтар оқиғасына қатысты басқа да маңызды мәліметтер анықталды. Тұрғымбаев ескі Қазақстанның белді өкілі Ахметжан Есімовпен тығыз байланыста болған және соның адамы деп есептеледі", - деді арна дереккөзі.
Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын алғашқы болып қазақтілді бұқаралық ақпараттары хабарлады.
"Біздің дереккөздердің мәлім еткеніндей, бүгін экс-Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты "2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызмет өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында қабылдады", - деп жазды Nege ақпараттық порталы.
Еске салайық, 20 наурызда Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы бойынша Тұрғымбаевтан жауап алғанын жария еткен.
"Ерлан Тұрғымбаевтың бір мезетте кеңесші лауазымынан босатылуы оған ведомствоаралық тергеу тобы тарапынан сұрақтар болғанын айғақтайды", - деп жазған еді сол тұста Dala inside телеграм арнасы.
Ішкі министрлігін асқарған Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыға 20 мыңға жуық лаңкес келгенін хабарлаған болатын. Бұдан басқа, бірқатар телеграм арналарда "Тұрғымбаев атышулы "Дикий Арманның" Қаңтарда Қазақстанға еркін кіруін қамтамасыз еткен" деген ақпарат тараған.
"Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты сотталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - дейді өз кезегінде Бас прокуратура.
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024