Басты жаңалықтар

Атырауда өрттен көз жұмған екі баланың анасы да қайтыс болды

Оның денесінің біраз бөлігін өрт шалған

Атырауда өрттен қайтыс болған екі баланың анасы да көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Денесінің 90-95 пайызын күйік шалған әйел 26 сәуір күні  түнгі сағат 03.30-да қайтыс болды. Ал, ер адам есін жиды, қазір аудандағы ауруханада ем алып жатыр" деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Айта кетсек, 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, екі бала қаза тапқан болатын. Ал балалардың анасы ауруханаға ауыр халде жеткізілген Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алды.