Салтанат Нүкенованың балалық шағындағы суреттері көпшіліктің жүрегін елжіретті (Видео)
Салтанаттың ағасы бала кездеріндегі суреттерін бөлісіп, қарындасын есіне алды
Экс-министр Бишімбаевтың қолынан көз жұмған Салтанат Нүкенованың суреттері әлеуметтік желіге тарады. Оның бейкүнә балалық шағындағы бейнесін ағасы Айтбек Амангелді өз парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Салтанат соңғы рет түсіме қараша айының ортасында кірді. Бұл ұзақ әрі әрбір жайт анық көрінген түс болды. Желтоқсан айында бұл туралы Данаға «Дай Слово» подкастында айттым. Түсімде Салтанат маған бірнәрсе түсіндіргісі келді, сонда түсінгенім 1 санын екі рет көрдім. 11 қараша – жер қойнына тапсырған күн 11 наурыз – алғашқы алдын ала тыңдалым болған күн 11 наурыз – Салтанат заңы қабылданды. 10 алқаби және судья - өмір бойына қамау үшін қажетті 11 дауыс", - деп жазды ол.