Басты жаңалықтар

2-мамырда біраз өңірлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады

1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады.

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Республика бойынша оңтүстік-батыс облыстарда жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақытта жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Бұдан бөлек найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, республика бойынша екпінді жел күшейеді. Түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады”, – делінген хабарламада.