Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.
Алматы қаласының маңында жер дүмпуі болды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:17-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. MPV Магнитудасы – 5,5.
Жер сілкінісінің координаттары – 41,08° с.б. 78,11° ш.б. Тереңдігі – 5 км.
Қазақстан Республикасының аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ.