Ер адам көшедегілерге шабуыл жасап, 14 жастағы бала қайтыс болды (видео)
Куәгердің айтуынша, ер адамның қолында үлкен қылышы болған.
Лондонда суық қаруланған ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасады. Салдарынан бір бала қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды BBC арнасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Куәгердің айтуынша, ер адамның қолында үлкен қылышы болған.
"Жатын бөлменің терезесінен көрдім. Ол менен бір-екі үй қашықтағы үйлердің арасындағы өткелге кіріп кетті. Үйден жүгіріп шықтым, сол кезде полиция оны электрошокермен соқты", - деді тұрғын Крис Бейтс.
Хейнотта болған оқиға салдарынан 14 жастағы жасөспірімнің көз жұмған. Тағы 4 адам мен 2 полиция қызметкері жараланған. Қазір ауруханада.
Шабуыл жасаған 36 жастағы ер адам қамауға алынған.
“Полиция қызметкері оны электрошокермен соққандықтан әзірге ауруханада жатыр. Әлі жауап алынбады. Біз мұны лаңкестік әрекет деп санамаймыз”, – деді полиция басшысы.
Король Чарльз III атынан Букингем сарайы қылмысқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Король жағдайдан хабардар етуді сұрады. Ол қайтыс болған жасөспірімнің отбасына қайғыра көңіл айтты. Дер кезінде әрекет еткен төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірді", - деді Корольдіктің баспасөз қызметі.