“Қалтамды санап әлекке түспе”: Гүлзира Айдарбекова ұлдарының ешқайсысына алақан жаймайтынын айтты
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырмандарының “Осыларды ата-анасы мен Қайрат асырап отырған сияқты” деген пікіріне жауап берген.
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлдарының біреуге жалданып жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Гүлзира Айдарбекованың балаларында әрқайсының өзіне жетерлік табысы бар. Соның ішінде ортаншы ұлы Заңғар қырық шақты жұмыскерді басқарып отыр екен.
“Уайымдамаңыз, бәрінің өзіне жетерлік табысы бар. Бірақ сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Халықтың ұлы Қайрат болған соң, ол не істесе де сіздер білесіздер. Басқалары көрсетіп жұмыс істеуге міндетті емес. Заңғардың қырық шақты жұмыскері бар. Заңғар солардың нәпақасының табуына себепкер болып, сауапты іс жасап жатыр. Балаларым біреуге жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ бас-көз болып жұмыс істетеді", – деп жазды продюсер.
Бірақ өнер иесі “Қайратты неге балаларына жібермейсіз, табысынан айырылып қалам деп қорқасыз ба” деген желі қолданушысының сұрағына ашуланып қалды. Өз кезегінде ешкімге алақан жаймайтынын айтты.
“Олардың табысына қарап қалатындай дәрменсіз емеспін. Алақан жайып, үйде отырған кезім де жоқ. Сол баяғы сауда-саттығым, дүкенім мен кәсібім, Нұрекеңнің жиған ірі қарасы екеумізге жетеді. Сол себепті менің қалтамды санап әлекке түспесең де болады”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы.