Серікбол Сайлаубек екінші рет отбасын құрды (видео)
Әнші өзі хабарламады.
Осыдан 5-6 жыл бұрын ажырасып кеткен қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет үйленді. Өнер иесінің тойдағы суреттер әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Серікбол Сайлаубек өзінің отбасы құрғанын айтпаса да, Руслан Искаков бұны халықтан жасырмады. Жаңа келіннің есімі Назкен екен.
Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялап, дүбірлі тойдың қалай өткені жайлы ақпарат таратты. Тойдп танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ахметжан Есімов, Ұланғасыр Қамиев бар.