Мәдениет

Төреғали Төреәлінің қарындасы туған күнін Парижде өткізді

Фариза Төреәлі бәріне алғысын білдіріп, өзінің әлі талай қоғамға қызмет ететінін жазды.

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза 23 жасын шетелде тойлады.  Достары мен оқырмандары туған күн иесіне тілектерін білдіріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

“Әр жақсылық үшін әуелі Раббыма, өмір сыйлаған ата-анама, Алла қосқан жарыма, жаныма ең жақын жандарыма, тәп-тәтті қызым мен сіздердей оқырмандарым барына мыңдаған шүкіршілік. Өмірге келген миссиямды Аллам ең әдемі, көркем әрі жеңіл түрде атқаруды нәсіп етсін. Қоғам үшін, үммет үшін Алла жолында жасайтын әлі қызмет көп. Осы жасымды махаббат қаласында қарсы алуды бұйыртыпты ғой, Аллам”, – деп жазды блогер. 

Төреғали Төреәлі де қарындасына ақ тілегін жаудырды. 

“Дарханның жары, Дараның анасы туған күн – біз үшін мереке. Менен кейін асықпай, 10 жылдан кейін дүниеге келген қыз. Келгенде де жай келмеген қыз. Қорқыт бабамыз ұқсап бәрімізді қорқытып, үркітіп,сәуегейлерге “әй мынау тегін қыз емес” дегізген қыз. Төл мерекең құтты, денсаулығың мықты болсын, ботақаным! Даратайдың әкесімен қос дүниеде қол ұстасып, елдің елеулісі, халықтың қалаулысы болыңдар!”, – деп жазды әнші.