Алматы әуежайында есірткіге масайған деген күдікпен ұшқыш ұсталды
Сауалға жауап берген министр орынбасары күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Мәжіліс отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова өткен аптада Алматы әуежайында есірткі қолданып ұсталған ұшқыш жайында Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтан сұрады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сауалға жауап берген министр орынбасары күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Есірткі қолданып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат береміз. Жалпы ұшқыштар, жүргізушілер рейске шығар алдында медициналық тексеруден өтеді", - деді Айдос Рысбаев.
Еске сала кетейік, 23-сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталған еді.