Басты жаңалықтар
Экс- шенеуніктің үйінен ұрланған 3 млн доллар жұртты алаңдатып қойды
- автор kyn.kz
- 7 шілде, 2018
- 380
Алматыда туризм экс-министрі әрі Астананың бұрынғы әкімі болған Темірхан Досмұхамедовтың үйін тонап кеткені жөніндегі іс соңына жетті. Сот ұрлыққа қатысы бар үш ер азаматқа үкім шығарды деп хабарлайды 31 арна.
Ауқымды тонау операциясына Азамат Жақып атты кәсіпкер мен оның көмекшілері Елдос Мағауянов пен Дидар Заденов қатысқан. Сот органы үшеуіне қатысты үкім шығарған.
Тергеудің мәліметінше, олар былтыр экс-министрдің Алматыдағы үйін тонап кеткен. Қылмыскерлер 3 миллион доллар, 50 мың еуро мен қымбат сағаттарды қолды етті.
Азамат Жақып пен Елдос Мағауянов 6 жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Олар орташа режиді түрмеге тоғытылмақ.
Дидар Заденов болса 7 жылын қауіпсіздігі жоғарғы деңгейдегі түрмеде өткізбек.
Оған қоса, сотталғандар мемлекетке екі миллион көлеміндегі баж салығын төлеп, зардап шеккен Досмұхамедовке 400 мың долларды қайтарып беруге міндетті.
Сотталғандардың қорғаушылары шыққан шешіммен келіспейтінін айтып, апелляцияға беруді көздеп отыр.