Магниттік дауылдар: мамырда қай күндер қауіпті?
Мамыр айында қай күндері магниттік дауылдар болады?
Мамыр айының қай күндер қауіпті екені белгілі болды деп жазады KYN.KZ тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Мамыр айында қай күндері магниттік дауылдар болады?
Мамыр айында бірнеше магниттік дауыл күтіледі. Алайда бұл болжам өзгеріп тұруі мүмкін, себебі Жердің магниттік өрісі үнемі қозғалыста болады.
Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, мамырда мына күндері магниттік дауылдар болуы мүмкін:
1 және 2 мамыр күні - әлсіз магниттік қозу;
23, 24 және 25 мамыр - әлсіз магниттік қозу.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
таза ауада жиі серуендеңіз;
бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
су режимін сақтаңыз;
қандай да бір ауруыңыз болса, дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстаңыз.