Бишімбаевтың қорғаушысы: “Салтанаттың қателігі: ол өзін жоғары бағалады”
Адвокат Бишімбаевтың Салтанатты қалай жақсы көргенін және оған қамқор болғанын айтты.
Бүгінгі Бишімбаевтың ісі бойынша сотындағы жарыссөзде оның адвокаттары да сөйледі. Қорғаушы Ләйлә Рамазанова Қуандықтың Салтанатқа жанашырлық танытқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Адвокат Бишімбаев пен Салтанаттың алғашқы танысқан кездегі қарым-қатынасынан бастады. Ол Қуандықтың әйелін жақсы көргенін және танысқан күннен бастап оған қымбат сыйлықтар тарту еткенін айтты. Сондай-ақ неке бақытын сыйлағанын жеткізді.
“Бірақ алдаудан басталған олардың отбасылық өмірі 2023 жылдың 9 қарашасында нағыз трагедиямен аяқталды. Салтанаттың қателігі: ол өзін физикалық және ішкі тұрғыда өзін жоғары бағалады, бірақ шын мәнінде ол әлсіз болып шықты. Қуандықтың қателігі: оның адамшылығында. Ол Салтанатты оның бұрынғылары сияқты тастап кете алмады, оны шығарып алуға тырысты. Соңында өзін де, Салтанатты да құртқан ойы мен сезімін маңызды санамаған еді. Дегенмен, алдау Салтанаттың жанын қалай алса, Қуандықтың да намысы солай болды», – дейді Бишімбаевтың қорғаушысы.