“Арайлым енді тауар сата алмайды”: Айс Муратова қамауға алынды
Блогер “Үй қамақ” түрінен “Қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертіліп, соттың шешімімен қамаққа алынған.
Көпшілікке Айс Мұратова есімімен танымал Арайлым Қожамұратова қамауға алынды. Бұл туралы қорғаушы Ғабит Өмірбек өз парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ғабит Өмірбектің айтуынша, бұл қылмыстық іс ауыр өткен. Тергеушілер басында сот процесі онлайн түрде өтетінін айтып, ешкімді қатыстырғысы келмеген екен.
“Көптен күткен Арайлым Қожамұратованың ісі бүгін аяқталды. Оны үй қамақтан қолына кісен салып қазір СИЗО-ға алып кетті. Екі ай күзетпен ұсталатын болады. Бұл қылмыстық іс өте ауыр болып өтті. Мен үшін қорғаушы ретінде сот процесі өте ауыр өтті. Өйткені бізді тергеуші сот онлайн болады деп алдап бізді қатыстырмай, келсек сот офлайн болып жатыр екен. Сол кірген күйде шу көтеріп, өз ойымызды, заңсыздықты айтып, бәрін бейнебаянға түсіргеннен кейін ғана тергеушілер қорқып бір біріне жала жауа бастады. Сот әділ шешімін шығарды. Алдағы уақытта Алла қаласа үлкен сот отырысы бір-екі айда болып қалады. Сол сот отырысын ашық түрде Бишімбаевтың соты сияқты өтуін талап ететін боламыз. Енді Арайлым ешкімді қорқытып, аудио жіберіп, жәбірленушілерді бір бірімен соғыстырып тауар сата алмайды. Алдап ақша ала алмайды. Осымен біз әділдікке жеттік”,- дейді қорғаушы Ғабит Өмірбек.