"Екеуі де бір бағытқа қарап жатыр": Шығыс Қазақстанда өндіріс орнынан 2 адамның сүйегі табылды
Департамент бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтің айтуынша, қаңқалар кем дегенде 100 жыл бұрынғы өмірге тиесілі.
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы өндіріс орнынан 2 бірдей адамның бас сүйегі мен дене сүйегінің сынықтары табылды, деп жазады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Департамент бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтің айтуынша, қаңқалар кем дегенде 100 жыл бұрынғы өмірге тиесілі.
«18 сәуір күні компания қызметкерлері екі адамның қаңқасын тауып, бұл туралы полицейлерге айтқан. Тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде, сүйектердің 100 жылдан астам уақыт бойы жерде жатқаны анықталды. Бірақ ол адамдардың өлу себебін білу мүмкін емес. Сүйектерді ары қарай қайда жіберетіндігі белгісіз. Басқа жерге жерлеу туралы шешім қабылдануы ықтимал», - деді ол.