«Оққағар бәле болып жабысты»: Дариға Бадықова басынан өткен сол жағдайға өкінетінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 мамыр, 2024
- 2.3k
Отандық танымал актриса Дариға Бадықова қызу талқыға түскен оққағары туралы айтты. Ол көпшіліктің алдына күзетпен шыққан болатын, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алайда, өнер иесі сол қылығы үшін өкінетінін жеткізді. Сол кезді есіне алған Бадықова жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берді. Бұл видео Tik-Tok желісіне жарияланды.
"Сол бір оққағар бәле болды. Біз ол кезде Атырауға корпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығың сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл – халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстап көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді. Дұрыс түсініңіздер! Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ", – деп ашуланды актриса", – дейді Дариға Бадықова.