Әлем чемпионы Карлос Адамес Жәнібекпен жекпе-жекке шығатын болды
Жекпе-жектің күні 3 тамыз деп белгіленді.
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 KO) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шығуға келісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жекпе-жектің күні 3 тамыз деп белгіленді.
"Адамес пен Әлімханұлы арасында орта салмақтағы үш тиутл үшін айқасты 3 тамыздағы бокс кешінің кардына қоссақ қалай? Маған бұл ой ұнап тұр", - деп Broadway Joel-дың твиттер-парақшасына жазған жазбасына Адамес келісетінін айтқан.
"Мен бұған әлбетте келісемін!!! Мен Жәнібекпен ойнап уақыт кетіріп жатқан жоқпын, оның промоутері келісімшартқа қатысты әзілдей береді... Саған олардың нөмірін берейін бе?", - деп жазды Карлос.