5 адам қайтыс болды: Қарағанды облысында тас жолда Фура мен Toyota Camry соғысты
Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жатқызылды.
Қарағанды облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Оқиға 3 мамыр күні таңертең Шет ауданы Ақсу ауылы маңындағы тас жолда болған. Renault Magnum жүк көлігі Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы бірдей қаза тапқан. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жатқызылды.
Полиция жариялаған кадрда жүк көлігі аударылып, жеңіл көліктің қауіпсіздік жастықтары жарылған аңғаруға болады.