Сотта Бишімбаевтың 2 жастағы қызы қайтыс болғаны хабарланды
Жарыссөзде Бишімбаев өзінің де қызы қайтыс болғанын айтты.
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында Қуандық Бишімбаев сөз алып, 23 жасында екі жасар қызынан айрылғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Мен Салтанаттың ағасы, жақындары қандай күйде екенін түсінемін. Өйткені, өзім де кезінде қызымнан айрылғамын. 23 жасымда менің екі жасар қызым көз жұмған. Сол үшін бұның қандай ауыр жағдай екенін өте жақсы түсінемін», - деді Бишімбаев жарыссөзде.
Айта кетейік, Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр.