Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 3 мамырдағы доллардың ресми бағамы 443,37 теңгені құрайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге көтеріліп, 444,14 теңгені құрады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 3 мамырдағы доллардың ресми бағамы 443,37 теңгені құрайды.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орташа есеппен – 444,64 теңге, ал сату – 445,9 теңгені құрайды. Ал Астанада 442,02 теңгеден сатылып, 446,99 теңгеге сатып алынып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуірдегі күнделікті сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге төмендесе, 30 сәуірде 0,64 теңгеге, 2 мамырда 1,32 теңгеге қымбаттаған.