“Кінәсі жоқ”: Бишімбаев Байжановқа қатысты айтты
Бишімбаевтың сөзінше, Байжанов тек оның тапсырмасын орындаған.
Жарыссөзде Бишімбаев өзінің туысы Бақытжан Байжановтың ешқандай кінәсі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қуандық Бишімбаев қылмысты жасырды деген айып тағылған Байжановтың Салтанаттың өлімге қатысы жоқтығын мәлімдеді.
"Байжанов. Ол туралы ерекше атап айтқым келеді. Оның түк қатысы жоқ. Ешқандай келісім, сөзбайласу болмады. Оның кінәсі жоқ. Ол тек менің тапсырмаларымды орындады. Мен оған (Нукеноваға) өлім төніп тұрғанын, жантәсілім еткенін байқамадым. Мұны Байжанов та байқаған жоқ. Біздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ, оның кінәсі жоқ", - деді Бишімбаев.