Қоғам
Қостанай облысында ұшақ суға апатты жағдайда қонып, айналып түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 мамыр, 2024
- 1.1k
Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған.
“Арқалық-Ақсұңқар" (Қостанай) бағытында ұшқан ұшақ еріген қардан жиналған сулы аймақша кіріп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Навигатор" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін санитарлық рейстің биіктігі кенет төмендей бастаған.
Абырой болғанда қаза тапқан мен зардап шеккендер жоқ. Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің көмегімен барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді.
“Көліктегі оқиғаларды Тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барады, - делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.
Келесі мақала
Елімізде алдағы үш күнде ауа райы суық болады
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024