Басты жаңалықтар

Ескі көліктерге салынатын салықтың мөлшері өзгеретін болды

Бұл мәселе әлі де жан-жақты қаралатын болады

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық мөлшері өзгереді деп хабарлайды KYN.KZ. 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов автокөлік иелері жеңіл автомобильге салық салуды қайта қарау мәселесін көп жылдан бері көтеріп келетінін айтады. 

“Олар салық сомасын көліктің пайдаланылу мерзіміне және бағасына қарай белгілеу – анағұрлым әділетті болатынын алға тартады. Осыған байланысты жаңадан әзірленіп жатқан Салық кодексінің жобасында автомобильдің шыққан жылына қарай салық салу көлемін де саралап, дифференциациялау тәсілі ұсынылып отыр", – деді Премьер-министр.

Үкімет бұл шешімді мақұлдаған. Алайда әлі де талқыланатын болады.

"Бүгінде бұл мәселе бойынша тәсілдемелер пысықталып жатыр. Ұсынылып отырған тәсілдемелер бойынша ақырғы шешім қабылданғаннан кейін жаңа Салық кодексінің жобасында нақты сандар көрініс табады", – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.