“Аударылып қалған”: Суға қонған ұшақта жүрек талмасы бар науқас болған
Санитарлық авиация бригадасы қазір аурухана медицина қызметкерлерінің бақылауында
Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) бағытында ұшқан Ан-2 әуе кемесінің ішінде инфарктісі бар науқас болған. Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Хабарлауынша, сол күні таңертең медициналық авиацияның электрон поштасына миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған науқасты тасымалдау туралы өтініш түскен.
"Науқасты Қостанай облыстық ауруханасына жеткізу үшін сағат 16:09-да құрамында екі ұшқыш, дәрігер және фельдшер бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласына ұшты. Алдын ала болжам бойынша, екпіні күшті желдің салдарынан санитарлық авиация әуеге көтеріліп бара жатқанда аударылып қалған. Науқас жарақатсыз "Арқалық өңірлік ауруханасына" жеткізіліп, емін ауруханада жалғастырып жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.