Прокурор: “Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді”
Прокурор Салтанат Нүкенованың өліміне қызғаныш себеп болғанын жеткізді
Бишімбаев ісінде сот жарыссөзінде прокурор Айжан Аймағанова оның Салтанатты не себепті өлтіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды, KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол деректерге қатысты мәлімдеме жасап, Бишімбаевтың қорғаушыларының Салтанатты не үшін өлтіргені анықталмады деген сөзіне жауап берді.
“ Құрметті алқабилер, адамды өлтіру үшін себеп керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді. Тағы бір маңызды дерек - Бишімбаевтың қорғаушылары айыптау актіндегі Салтанаттың өлген уақытына шүйлікті. Ол жерде екі түрлі келтірілген деп отыр. Алайда сот сараптамасын жасаған сарапшы Салтанаттың агонияда жатқанын айтты. Салтанат өлім мен өмірдің арасында жанталасып жатты, - дейді Айжан Аймағанова.