Атыраулық әйел апельсиннен жеп қайтыс бола жаздады
Егде жастағы әйелдің тыныс алуы қиындап, есінен танып қалған
Атыраулық 73 жастағы әйел апельсин тілімінен тұншығып, о дүниелік болып кете жаздады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Atyrau online өз әлеуметтік парақшасында жазды.
"Егде жастағы әйел сөйлей алмай, тыныс алу қиындады. Геймлих тәсілін (тұншығу кезінде адамның өкпесін қысу тәсілі) арқылы алғашқы көмек көрсетуге тырысқанда, әйел есінен танып қалды, 1,5 минутқа клиникалық өлім тіркелді", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.
Жедел жәрдем бригадасы жедел көмек көрсетуінің арқасында әйелді аман алып қалды.
Қазіргі уақытта Атырау тұрғынының денсаулығы бірқалыпты. Атырау облыстық ауруханасына жатқызылды.