Алматыда күзде із-түзсіз жоғалып кеткен қыз табылды
Бұл туралы LIDER.KZ сайтының Instagram парақшасына еріктілер жазған.
Алматыда өткен жылдың күзінде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Коваленко Валерия Денисовна, 2009 жылғы. Ол 24 қараша 2023 жылы жоғалып кеткен. Сағат 23:00 шасасында ол Іле ауданында орналасқан үйінен шығып, Боралдай ауылының Азербаев көшесіндегі 102-ші үйге барған. Содан бері оның қайда екені белгісіз болып келді.
Еріктілердің мәліметінше, қыз осы жылдың сәуір айында табылған. Бірақ оның қайда болғаны туралы ақпарат жоқ.