Басты жаңалықтар

Өскеменде бала сырғанаққа қыстырып алған аяғын шығара алмай қалған

Бұл ақпарат Шығыс Қазақстан облысының ТЖМ Telegram-дағы арнасында хабарланды.

Өскеменде төрт жасар бала сырғанақ құрылымының арасына аяғын қыстырып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Баланың қыстырылып қалған аяғы сырғанақ құрылғысынан шықпай қалған. Ата-анасы құтқарушыларды шақырған. 

 

“ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен құрылымды ашып, баланы темірдің арасынан босатып алды", - делінген хабарламада.