Басты жаңалықтар

Автобус тізгіндеген Шымкенттің мақтаулы әкіміне жұрт сүйсініп қалды

Осыған дейін Ғабидолла Әбдірахымов елді велосипед мініп таң қалдырып еді.

Әрбір сөзі xитке айналып, Қазнетте танымалдылыққа ие Шымкент "мэрі" велосипедті қойып, енді қоғамдық көлік рөліне отырды. Алайда Ғабидолла Әбдіраxымов автобус тізгіндеген жоқ, бар болғаны xалықты тасымалдайтын темір тұлпардың сапасын анықтамақ болды. Шымкентте әлеуметтік маңызы бар маршрутта жүретін 30 автобустың таныстырылымы өтті. "Өткен жылы қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық көлікпен қатынаған болатын. Соның нәтижесінде, қоғамдық көлік саласында бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Солардың бірі -қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл мақсатта әлеуметтік маңызы бар 10 маршрут айқындалып, оның алғашқы 3 маршрутында жүретін 30 автобусты алдарыңызда таныстырып отырмыз. "T-bus" ЖШС қалған 70 автобусты алып келуге міндеттеніп отыр", - дейді Әбдірахымов. Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 26 көлік компаниясы қызмет көрсетуде. Жалпы саны 1100 дана көлік xалықты тасымалдап келеді.