“Шүмегі қалай болар екен?”: Тойда орта жастағы ер адамды бесікке бөледі
Аталмыш видеоға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары қазақ халқында мұндай салт-дәстүр жоқ екенін жазуда.
Тойдың бірінде орта жастағы ер адамды бесікке бөледі. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі жазды.
Бейнежазбадан үлкен бесікті және оның қасындағы сәби секілді киініп алған ер адамды көруге болады. Көпшіліктің алдында әйел бесіктің ішін реттестіріп, ер адамды бөлейді.
Бұл той еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз.