Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарін “Еңбек Даңқы" орденімен наградтады
Бұл туралы ақпаратты Ақорда мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жанкештілік танытқан және жемісті еңбек көрсеткен Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - делінген хабарда.
Еске сала кетейік, 2 мамырда Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші жер бетіне шығарылған болатын.