Бишімбаевтың қарындасы Аружан Наталья Грейс жайлы, елдің түртпектеуі туралы ашық айтты (видео)
Аружан Бишімбаева: мен тұрмақ, мектептегі балаларыма мысқылдап тиісетіндер көбейді.
Аружан Бишімбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туған жалғыз бауыры. Ол ағасының қазіргі жағдайына өте алаңдаулы, отбасы түгел шарасыз күйде екенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Аружан Бишімбаева ресейлік танымал блогерді "алдын ала хабарласып, сөз байласып, шақырып, ата-анасы толық сұхбат берді" дегендерге өз жауабын берді.
"Наталья Грейсті ойламаған жерден келіп, сөйлесуді өтінді. Оған біз келісті, бар болғаны сол. Біз ешқандай дайындалып шақыртқан емеспіз. Ерте ме кеш пе осылай болатыны анық, бір бағытта жалғасуы мүмкін емес еді. Барлығы бізге қараны аяусыз жақты. Шындық қайсы, өтірік қайсы ешкімге қызық емес. Менің ата-анамда сақтап қалуға жан таласатын ештеңе қалмады. Ағама не боларын білмейміз. Кім қаламайды шындыққа сенбесін, қалаған адам сенеді. біз осынша уақыт, оқиға болғалы қиындықта отырмыз",-дейді Аружан Бишімбаева.
Экс-министрдің қарындасы әр адым сайын өзгелердің жағымсыз көзқарасы мен сөзін көріп, шыдап жүргенін айтты.
"Біз адамдардың жеккөріп қарағанын, мысқылдағанын әр адымнан сеземіз, көреміз. Менің мектептегі балаларыма дейін түртпектеуге түсуде. Бірақ ешкіммен ұрысып, жағдайды түсіндіріп, сөйлесуге тырыспаймыз. Шыдап келеміз. Ешкіммен ұрысып, дәлелдеуге тысырпаймыз. Бір білерім, білмей тұрып адамды сынап, пінеп жүргендердің басына ертелі-кеш осындай жағдай түсеріне сенемін, білемін",-дейді Аружан Бишімбаева.