"Бір қайғы артынан": Төреғалидің қарындасын туған күнімен әкесі ерекше құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 1.0k
Бүгін эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы Фаризаның туған күні. Осыған орай әкесі арнайы ерекше құттықтау жолдады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
“Бүгін Алланың бере салғаны, Төреғали Төреәліден кейінгі қанша жыл күтіп, армандап, тілеп алған қызымның туған күні. "Жалғызды жалғыз деме, жалғасы болмас" деп жатады. Сол себепті жалғыз деп айтып көрмегенбіз. "Төреғалиға іні немесе қарындас бер" деп сұрағанбыз. Алланың қалауымен сан жылдар күткеннен кейін Фариза деген қызымыз өмірге келді. Соның алдында анамыз өмірден қайтқан. Содан "бір қайғының артынан мың қуаныш" демекші, үлкен бір қуаныш болып, көңілімізді жұбатып, Фариза перзентіміз дүние есігін ашты", – деді әкесі.
Ал туған күн иесі өзіне өмір сыйлаған анасын жыл сайын құттықтайтынын айтты.
“Оқушы кезімнен бастап әр туған күнімде анама сыйлық жасап тұрамын. Жарық дүние сыйлағаны үшін, тоғыз ай құрсағында көтергені үшін... Ал енді өзім ана болып оның машақатын, дүниеге бала әкелу оңай емес екенін одан әрі сезіндім. Ата-анама өмір сыйлағаны үшін рақмет айтамын", – деп жазды блогер.