Арулар

БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтты

Дипломат жедел елге қайтарылды

Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуінің үнемі ұрып-соғатынына шағымданды. Он жыл бойы зорлық-зомбылыққа төзіп келген ол ақыры «Не молчи» қоры өкілдеріне бар шындығын жайып салды.

«Не молчи» қоры бұл сұмдықты парақшасына жариялады. Белгілі болғандай, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің  кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы әйеліне үнемі күш көрсетіп, тіпті кеше, яғни, 5 мамырда жұбайының әпкесіне де қол көтерген.

«Дина, сәлем! Мен Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. Мен 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқанымды мәлімдеймін. Маған физикалық, жыныстық, эмоционалдық, тұрмыстық зорлық көрсеті. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырып, түрмеге жабылғанын қалаймын», - деп көмек сұраған Карина Мамаш.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанымызда, бұл жағдайдан хабардар екенін жеткізді.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр.