Бурабайға барған оқушы қайтыс болды
Оқушылармен бірге экскурсияға сынып жетекшісі де барған.
Бурабайға қыдырып барған 16 жастағы оқушы бала қайтыс болды. Ол экскурсия кезінде велосипедпен ағашқа соғылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Nayza Kokshe Instagram парақшасында бөлісті.
5 мамырда Астанадан Бурабайға экскурсияға 18 оқушы барған. Бала досы екеуі велосипедпен серуенге шығады. Велосипедті олар жалға алған. Алайда, қатты жылдамдықпен ағашқа соғылған жасөспірім оқиға орнында көз жұмады. Оқушылар экскурсияға сынып жетекшісімен бірге барған. Ол бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.
Ақмола облыстық полиция департаменті қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бала велосипедті жалға алып, ағашқа соғылған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді полиция департаменті.
Марқұм Астанадағы BINOM мектебінің 10-шы сыныбында оқыған.