"Бауырсақ пісіру": қазақтың үйлену тойында жаңа тренд басталды (видео)
Бұрын үйлену тойында қалыңдық пен күйеу бала торт кесетін еді.
Қазақтың үйлену тойында жаңа тренд басталды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұрын үйлену тойында қалыңдық пен күйеу бала торт кесетін еді. Енді қазір келін бала той төріне қазан ошағып әкеп, бауырсақ пісіретін болған.
Instagram әлеуметтік желісінде тараған видеода қалындық аппақ көйлегімен бауырсақ пісіріп тұр. Асаба болса, оның піскен бауырсақтарын көріп, қонақтарға бас бармағын көрсетеді.
Желі қолданушыларының бірі оның бұл әрекетін қолдаса, енді бірі қарсы шыққан.