Қоғам

"Шопандармен": қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Артынша шопандардың бірі шекарашыларға екі-үш оқ атқаны анықталды.

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Баткен облысы Лейлек ауданындағы Ақ-Босого ауылы маңында Қырғызстан шекарашылары сағат 12:20 шамасында мал жайып жүрген тәжік шопандарын анықтаған.

 Тәжікстан азаматтары әскери қызметкерлерге тас лақтыра бастаған. Артынша шопандардың бірі шекарашыларға екі-үш оқ атқаны анықталды.

«Қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін қырғыз шекарашылары әуеге ескерту оқтарын жаудырды, содан кейін шабуылдаушылар Тәжікстанға қарай шегінді. Қырғызстан шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді Қырғызстан Республикасы департаментінің баспасөз қызметі.

Тәжікстандықтардың бірі жараланған. Алда екі жақтың шекара қызметкерлері кездесіп, оқиғаны талқылауды жоспарлап отыр.