Басты жаңалықтар

16 жастағы автошабандоз жол апатынан қайтыс болды

Анатолий Кин сол күні жарысқа қатысқан.

Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты. Ол небәрі 16 жаста ғана еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы СТК Сокол автодромының өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. 

 

Павлодарлық автошабандоз Анатолий Кин жол апатынан қайтыс болды. Ол 5 мамырда Алматыда дрифт сериясына жарысқа қатысқан.

 

"Павлодар жолындағы жол апаты бәріміз үшін қайғылы оқиға болды, ең жас және, сөзсіз, біздің чемпионаттың ең талантты шабандоздардың бірі қаза болды", - делінген СТК Сокол автодромында.