Мәдениет

“Жиырма күнге жуық ес-түссіз”: Комаға түскен Құрманай Бақтиярқызы түсінде Димаш Құдайбергенді көрген

Ақын жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқан

Ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы денсаулығының сыр беріп, ота жасатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Ол біраз уақыт бұрын жан сақтау бөліміне түскен болатын. Асқазанына ота жасалған оның жағдайы қайта ауырлаған. Сөйтіп өң мен түстің ортасында болған ақын түсінде Димаш Құдайбергенді көріпті. 

 

“Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. «Ішек «спайка» болған, тілу керек, әйтпесе болмайды» деді. Ары қарайғысын білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен «мировой» концертте жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достарым бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен... Бұл тақырыпты осымен жабамын”,- дейді Құрманай.

 

Ары қарай ақын жаман күндердің артта қалғанын және қазіргі кезде денсаулығының жақсарғанын айтты. Сонымен қатар, оқырмандарына бақытты екенін жеткізді.